Бірыңғай жиынтық төлем (АЕК) – бұл азаматтың еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда медициналық қызметтерге, базалық зейнетақыға, әлеуметтік төлемдерге қол жеткізуінің кепілі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
БЖТ төрт төлемді қамтиды: жеке табыс салығы, зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар.
БЖТ сомасы көп емес, қала тұрғындары үшін 1 АЕК және ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК құрайды. Қазір Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды формализациялау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) тарту шеңберінде бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпараттық-түсіндіру жүргізілуде.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 90 954 адам БЖТ төледі. БЖТ төлеу азаматтарға мынадай мүмкіндіктер береді:
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу және МӘМС енгізілгеннен кейін медицина мекемесін таңдау құқығымен медициналық қызмет көрсетуге рұқсат алу. - жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне сәйкес базалық зейнетақы алуға.
БЖЗҚ-да өзінің зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа, БЖТ төлеушілері үшін еңбек өтілі белгіленуіне байланысты жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады.
- еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.
БЖТ-ді екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелері, сондай-ақ kaspi.kz, smart astana мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.
Анықтама телефондары: 55-68-11, 72-93-58.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз өзін жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін оңайлату және медициналық сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары жүйесіне қатысу үшін енгізілген бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізіледі.