$ 498.34  519.72  4.85

Түркиядағы лаңкестікті кімдердің жасағаны анықталды

Кеше кешкісін Анкарада орын алған лаңкестік жарылысты екі жанкешті - бір ер және бір әйел азамат ұйымдастырған. Әйелдің кім екені анықталды деп хабарлайды Haberturk интернет-порталы жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Жанкешті әйел елдің батысында орналасқан Балыкесир университетінің студенті болған. Оның аты-жөнін құқық қорғаушылар жарияламай отыр. Портал тілшілерінің мәліметінше, лаңкестер қатарына ол 2013 жылы қосылған.

Ал, жарылған көлікте болған екінші жанкештінің кім екенін анықтау жұмыстары әлі жалғасуда. 

Естеріңізге салайық, кеше Анкара уақытымен кешкі сағат 18:45-те қала орталығындағы аялдамалардың бірінде тұрған автобусқа жеңіл көлік соқтығысып, алапат жарылыс орын алған болатын. Салдарынан 37 адам қаза тауып, тағы жүздеген адам жарақат алды. Бүгінде 71 адам ауруханада жатыр, олардың 19-ы ауыр халде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары