Алматыда әлеуметтік жәрдемақыны беру сылтауымен әйелдер зейнеткерлердің ақшаларын ұрлап жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктілер - 38 жастағы С. және Э. есімді әйелдер. Олар зейнеткерлерді әлеуметтік төлемдерге 6 мың теңге көлемінде жәрдемақы қосылады деп сендірген және оларға ақшаны қолма-қол түрде алуды ұсынған. Олар шынымен ақшаны берген.
Қулық келесідегідей болды: ақша берген кезде қаскөйлер қасақана 10 мың немесе 20 мың теңге көлемінде ірі ақшаны берді. Содан кейін “алушы мейірімді жұмысшыларға” қайтарым ақша беру үшін өзінің “жасырын” жеріне барған. Зейнеткер оларға дәл осы жерді білуі керек екендігінен тіпті күдіктенбеді. Әрі қарай, “қонақтар” денсаулығын тексеріп, қысымды өлшеуге кеңес берді. Мұны істеу үшін олар тонометр мен стетоскопты өздерімен бірге алып жүрді. Әйелдердің бірі егде жастағы адамдардың қысымын өлшеп, “сөзге айналдырса”, екіншісі, бұрын көзделген “жасырын жерді” тез тазартты. Барлық алаяқтық жәбірленушінің назарын аудару үшін үздіксіз әңгіме аясында өтті, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ғалым Қасымбаев.
Осылайша, әйелдер зейнеткерлердің барлық ақшалай жинағын ұрлаған.
Ең үлкен жәбірленушілер 1928 жылы туған әжелер болды. Олардың бірінің "жаназасына" деп жиналған 1 миллион 200 мың теңгені ұрлап кеткен. Ұсталған әйелдерге қатысты қамауға алу түріндегі шара санкцияланды. Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әзірге қалада бұл әйелдер жасаған осыған ұқсас бес факті бар. Олардың төртеуі өткен жылдың соңында, ал тағы біреуі – осы жылдың ақпан айында орын алған. Бірақ нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Осыған байланысты, бұл адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 298-52-80 және 298-52-82 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", – деді Қасымбаев.