Бүгін Қазақстанның барлық территориясында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел тұрады, күші 15-20 м/с, бұрқасын соғады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.