$ 449.58  486.94  4.86

2 күн бұрын көпірден құлаған адамның денесі табылды

Кейіннен оларға көмекке Өскемен қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келген.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында осыдан 2 күн бұрын көпірден өзенге құлаған адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 мамыр күні таңертең Риддер қаласындағы құтқарушыларға Шаравка өзенінің үстіндегі көпірден өтіп бара жатқан ер адамның суға құлап кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден №1 мамандандырылған жасақ пен полиция қызметкерлері аттанған.

«Құтқарушылар сол өзеннің маңайын түгел шарлап шыққанымен еш нәтиже болмады. Кейіннен оларға көмекке Өскемен қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келген. Іздестіру жұмыстары барысында көпірден бірнеше шақырым жердегі ағаш үйінділердің арасынан 1972 жылғы азаматтың денесі табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары