18.05.2020, 03:30

Көріпкел Бақыт Жұматова Мақтаралды «аз ғана су шайып өтті» дейді

Оның айтуынша, Қазақстанның Балқаш қаласының астында Меккеге апаратын жол бар екен.

Ресейдің «Экстрасенстер шайқасы» бағдарламасына қатысып, аты шыққан қазақстандық көріпкел Бақыт Жуматова адамзаттың болашағы, қазіргі әлемді жайлаған пандемия мен карантиннің қашан аяқталатыны туралы және Түркістан облысындағы Мақтарал ауданы халқының басына түскен нәубет жайында, оның қашан қалпына келетіні туралы болжады.

Бұл туралы көрікпел журналист Данияр Есеннің Рейтинг.kz бағдарламасында берген сұхбатында айтқан. Бақыт Жұматова қазіргі әлемді жаулаған коронавирустың қалыпты жағдай екенін жеткізді.

«Бұл – адамзаттың қолынан жасаған дүние емес, Құдайдан келген нәрсе. Адамзат санын азайту үшін болып отырған жағдай. Құдайға адамның көп болғаны ұнамайды. Себебі, залым, қараниетті адам көбейіп кетті. Бұл – өтпелі. Әлем бойынша пандемия тоқтауы керек.

Мен тек 2025 жылдан қорқам. Адамдардың денесі өртеліп жатқанын көремін. Ол жылы әлемде оба тарауы мүмкін. Бұл жағдай одан да берірек болуы мүмкін. Мен 2025 жылы деп әрі қарай жылжытып отырмын», - дейді ол.

Көріпкел Мақтаралдағы апат күтілген жағдай екенін айтады.

«Негізі мен Ташкентте жер сілкінісі секілді болады деп күткенмін. Бірақ, аз ғана су шайып өтті. Әрине, адамдар қиналды, бірақ, адам өлімі жоқ. Енді мақтаралдықтар екі айдан кейін аяққа тұрады. Бірақ, Ташкенттен ары қарай Бұхара жақтарда табиғи апат болуы мүмкін», - дейді Бақыт Жұматова. 

Сондай-ақ, көріпкелдің айтуынша, Қазақстанның Балқаш қаласының астында Меккеге апаратын жол бар екен.

Дереккөз: ernur.kz