Павлодардың ішкі істер органдары осыдан бірнеше күн бұрын интернетте пайда болған бейнероликке қатысты мәлімдеме жасады. Аталған видеоматериалдан жергілікті полицейлердің жүргізушіні күштеп көліктің жүксалғышына салып жатқаны анық көруге болады.
Әзірге белгісіз себептермен ұсталған қала тұрғынына осылайша күш қолданып жатқан тәртіп сақшылары туралы видео ең алдымен Instagram желісінде пайда болған еді. Роликті көрген мыңдаған адам оқиғаның Павлодар қаласында орын алғанын жаңылмай айтып берді. Сондай-ақ, бейнероликтегі автокөліктің мемлекеттің номері де Павлодар облысына тиесілі.
Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі болған жайттың расымен де облыс орталығында орын алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда роликтегі тәртіп сақшыларының кім екені анықталып жатыр дейді олар. Сондай-ақ, оқиғаның мерзімі де әлі нақты емес. Осы деректер анықталғаннан кейін департаменттің баспасөз қызметі ресми мәлімет беретін болады.