$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді. 

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары