Сенат депутаттары жалпы отырыста Жоғарғы Сот судьялары Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты қызметінен босатты, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов атап өткендей, олар басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
"Мемлекет басшысы Жарлығымен Асқар Смайылов Алматыдағы сот төрағасы, Бауыржан Жұмағұлов Атырау облысы сотына тағайындалғандықтан, оларды қызметінен босату туралы ұсынысты қарауды өз алдарына ұсынады", - деді Талғат Донақов.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті де судьяларды қызметінен босатуды ұсынды. Дауыс беру нәтижелері бойынша барлық депутат судьялардың босатылуын қолдап, дауыс берді.