Қызылордада әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Ұлы философтың шығармаларын оқудан облыстық байқау жарияланды. Әл-Фараби еңбектерін, рухани мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып жатқан байқау Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ықпалымен жүзеге асырылуда.
Ұлы философтың шығармаларын насихаттауға бағытталған онлайн байқау 20 мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді. Онлайн байқау фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілері арқылы жүргізіледі. Байқауға 15 жастан асқан әлеуметтік желі қолданушылары, түрлі сала мамандары мен аймақ тұрғындары қатыса алады.
Байқауға қатысушы Әл-Фараби шығармаларына қатысты жазылған эссені міндетті түрде әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялауы тиіс. Сондай-ақ, байқау қатысушысы желідегі достарын белгілей отырып, оларды ғұлама ғалымның шығармаларын оқуға шақыруы керек. Жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.