$ 494.87  520.65  4.91

Сыр өрені Абайдың 45 қара сөзін жатқа біледі

Абай мұрасын ізденуге Аяулымды әкесі баулыған. Қызының білімге деген ұмтылысын байқаған әкесі Жеңісбек Аралбаев бастапқыда Аяулымға Абай өлеңдерінен бір-екі шумақтан жаттатып жүріпті.

Қазалылық жеткіншек Аяулым Әзен хакім Абайдың 45 сөзін жатқа біледі. Оған қоса Абайдың 200-ге жуық өлеңі мен 3 поэмасын еш мүдірместен мәнерлеп айтып бере алады. Ол – аудандық, облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы.

«Абай өлеңдерін жаттауда менің өзіндік әдісім бар. Ең бастысы, әрбір шығарманың мазмұнына терең үңіліп, оны көңіліме бекітуге тырысамын. Абайдың өлеңдерін оқыған сайын менің жан дүнием байып, рухани мол қазынаға ие боламын. Абай атамыз «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім» дейді. Мен жастайымнан білімге әуес болдым. Білім арқылы білікті маман атанып, халқыма қызмет еткім келеді», - дейді Аяулым.

Абай мұрасын ізденуге Аяулымды әкесі баулыған. Қызының білімге деген ұмтылысын байқаған әкесі Жеңісбек Аралбаев бастапқыда Аяулымға Абай өлеңдерінен бір-екі шумақтан жаттатып жүріпті. Кейіннен қабілетіне қарай өлеңдерді толық жаттауға үйреткен. Бүгінде Аяулым 9 сыныпта оқиды. Хакім Абайдың қара сөздері ол үшін өмірлік бағыт-бағдар іспетті. Аяулым алдағы уақытта Абай Құнанбайұлының барлық шығармасын жаттап алуды мақсат етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары