24.05.2020, 08:00

Өлмейтұғын артына із қалдырған...

Онлайн режимде өткен мазмұнды іс-шараның мақсаты – қазақтың бас ақыны Абай өлеңдерін білім алушы жастарға насихаттап, сол арқылы қазақтың ерекше ұлттық болмысын көрсету екенін жеткізді ұйымдастырушылар.

Ұлылықтың сырына қанық болу үшін, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абайдың әлемін шарлап қайтудың өзі бір керемет. Абай әлеміне саяхат жасаған мамандар бас ақынның шығармаларын оқып, артына өлмейтұғын із қалдырудың үлгісін хакім Абайдан алу керек деген ой түйді.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің инженерлі-технологиялық институты, «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының профессор-оқытушылары мен білім алушылары ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты іс-шара ұйымдастырды.

Онлайн режимде өткен мазмұнды іс-шараның мақсаты – қазақтың бас ақыны Абай өлеңдерін білім алушы жастарға насихаттап, сол арқылы қазақтың ерекше ұлттық болмысын көрсету екенін жеткізді ұйымдастырушылар. Кафедрадағы экология, органикалық заттардың химиялық технологиясы, пайдалы қазбаларды байыту білім беру бағдарламаларының шәкірттері ұлы ақынның «Сегіз аяқ», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» сынды бірнеше өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, хакім Абайдың әндері орындалып, қара сөздерін оқылды.