Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қалаларында тұрғындар карантин ережелерін дұрыс сақтамағандықтан коронавирус жұқтырушылардың саны көбейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында