$ 494.87  520.65  4.91

Елорда маңындағы ауылдарға автобус қашан қатынайды? - қала әкімінің жауабы

Қазір бұл күн тәртібінде тұрған мәселе.
Фото:  365info.kz
Фото: 365info.kz

Алтай Көлгінов елорда маңындағы ауылдарға автобустың қашан қатынайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазір бұл күн тәртібінде тұрған мәселе. Эпиджағдайға байланысты мамырдың соңына дейін автобустарды бұл елді мекендерге шығармаймыз. Әрине қолдан келгенше қоғамдық көлікті осы бағыттарға тезірек шығаруға тырысамыз.

Естеріңізде болса, бастапқыда карантиндік аймақ анықталғанға дейін Жедел штабта заң жүзінде Ақмола облысына қатысты Қосшы, Талапкер, Қоянды және т.б. ауылдарды карантин аймағының ішінде қалдыру туралы шешім қабылдаған едік. Себебі бұл елді мекендер астанаға жақын орналасқан және мұндағы халықтың басым көпшілігі елордаға қатынап жұмыс істейді. Егер эпидемиологиялық жағдай қазіргідей тұрақты болатын болса, автобустарды маусымның басында шығаруымыз мүмкін", - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары