The Express Британиялық The Express басылымы "Қытай соғысқа дайындалып жатыр" деген тақырыппен ақпарат жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Британиялық басылымының жазуынша, Қытай басшысы Си Цзиньпин Бейжіңнің әскери күреске дайындықты күшейтіп жатқанын мәлімдеген. Коронавирус дағдарысы және Гонконгтағы жағдайға байланысты айыптаулар мен шабуылдарға ұшырағаннан кейін Қытай президенті осылай деп мәлімдеді. Си Цзиньпин бұл пікірді парламенттің жыл сайынғы сессиясы аясында Халық-азаттық армиясы мен Халықтық қарулы полиция күштері делегациясының жалпы отырысына қатысқан кезде айтқан.
China Daily газетінің хабарлауынша, Си Цзиньпин өз әскерлерін қуатты әскери, қорғаныс стратегиясы мен саясатын қолдауға шақырған.
Өткен аптада Қытай жыл сайынғы әскери шығындар бюджетін 180 миллиард долларға дейін арттыратынын мәлімдеген. Қытайлық мемлекеттік БАҚ Си Цзиньпиннің коронавируспен күресу кезінде қарулы күштерін ұлғайтатынын айтқанын хабарлаған.