$ 443.35  475.54  4.82

«Балық басынан шіриді»: Қайрат Құдайберген министрдің жұмысына ескерту жасады

Халық арасында есірткі сатушыларды қорғап жүретін шенділердің бар екені туралы қауесет тарап жүр. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ олардың бары рас.
Фото: Skifnews.kz коллаж
Фото: Skifnews.kz коллаж

Танымал кәсіпкер, халық жанашыры Қайрат Құдайберген министр Тұрғымбаевқа ІІМ-не жаңа реформа енгізу керегін ескертті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер блокбекеттегі қайтыс болған полицейлердің өлімінен кейін ІІМ жұмысына сыни көзқарасын білдірді. Ол, сонымен қатар, Тұрғымбаевқа есірткімен күресті ұмыт қалдырған бөлімшені жіті қадағалауды тапсырып отыр.

"Балық бастан шіриді. Кеше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі сұмдық оқиғаға (екі полицей қайтыс болды) қатысты Ішкі істер департаменті бастығына және оның бірінші орынбасарына қатаң сөгіс түріндегі гильзалар салынды және тағы 3 қызметкерді жұмыстан босатты.

Бір түсінбейтінім, неге министрлік бұл жағдайды ертерек бақылауға алмады? Сіздерде әрдайым мониторинг жүргізіліп тұратын шығар, елді-мекендерді аралап, тексеріс жүргізілетіні тағы бар. Ал нәтижелер қайда?

Қызметтегілер жан тапсырғаннан кейін ғана қолға алатыны мені қынжылтады. Алдын-алу шаралары неге жүргізілмейді? 

Іс насырға шаппай тұрып Ішкі істер министрлігі барлығын өз бақылауына алуы керек қой, бізге, шыны керек, ІІМ жүйесіне нақты реформа қажет.

ІІМ Тұрғымбаев қашан синтетикалық есірткілермен күресуді қолға алады? Бетперде алудан оңай болып кетті ғой.

Жастардың көбі "мефені" (мефедрон) тұрақты қолданып жүр. "Крис" (кристалы), "molly", "кетамин" деген сияқтыларды айтпағанда.

Есірткімен күресіп жатқан бөлімдер қайда қарап отыр?

Халық арасында есірткі сатушыларды қорғап жүретін шенділердің бар екені туралы қауесет тарап жүр. Көпке топырақ шашпаймын, бірақ олардың бары рас.

Көп ата-ана бұл мәселенің анық-қанығына жете алмай сандалып жүр. Сондықтан барлығыңызды есірткіге қарсы тест тапсыруға шақырамын. Бұл тесті кез келген дәріханадан алуға болады және оны ешқандай проблемасыз үй жағдайында анықтауға болады.

Балаларыңызды тест тапсыруға үгіттеңіз. Ең болмағанда, халық болып, ІІМ жұмысын жеңілдетуге көмек көрсетерміз.

Ал Тұрғымбаев мырзаға жаңа реформаны қазірден бастап қолға алуды ескертемін, әйтпесе бұл істі сіздің орныңызға келетін жаңа министр қолға алатыны хақ", - деп жазды ол Instagram-парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары