27.05.2020, 16:40

Жазасын өтеуші азамат әйелмен кездесу үшін түрмеден қашып кеткен

Фото: inform.kz
Іс материалдары сотқа жіберілген.

Шымкенттегі ИЧ 167/10 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген 36 жастағы жігіт ғашығы үшін түрмеден қашты. Оқиға 22 мамыр күні болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы otyrar.kz-ке  сілтеме жасап.

Қылмыстық атқару-жүйесі департаментінің басшысының орынбасары, Пархат Исакбаевтың сөзінше, жазасын өтеуші бір әйелмен танысып, онымен кездескісі келген екен. 

Қашқын азаматты іздеу жұмыстарына полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде, бір жарым күннен соң ер адамның Тоғыс ауылында екендігі анықталды. Ол түзеу мекемесіне жеткізіліп, изоляторға қамалған.

Іс материалдары сотқа жіберілген. Түрме басшылығына қатысты тергеу басталды.

Тегтер: түрме қашқын