$ 443.85  474.3  4.8

Ауруханаға асыққан әйел көз жұмды: зардап шеккендер бар (ВИДЕО)

«Жедел жәрдемге» соғылып, сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктің жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен.

Батыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, ауруханаға апара жатқан науқас көз жұмды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті қайғылы оқиғаның "Орал-Ақсай" тас жолында болғанын хабарлады. «Жедел жәрдемге» соғылып, сау-тамтығы қалмаған жеңіл көліктің жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кеткен. Апат орнына шұғыл түрде санавиация жіберілген.

Алайда медициналық көліктегі науқас әйел де оқиға орнында көз жұмды. Бұдан бөлек, ауруханаға жеткізілген төрт адамның үшеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қазір осы қайғылы оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр. Анықтаушылар жеңіл мәшине жолдың қарсы бетіне шығып, жедел жәрдем көлігіне соғылған деген болжам айтып отыр. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары басталды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Әлия Наурызғалиева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары