28.05.2020, 12:40

Жапонияға баратын туристерге күніне 185 доллар төленуі мүмкін

Фото: pixabay.com
Бұл бағдарлама шілденің аяғынан бастап жүзеге асады.

Жапония үкіметі туристерді елге тарту мақсатында оларға күніне 185 долларлық ваучер береді, - деп хабарлайды Tengrinews  Kyodo News-қа сілтеме жасап

Портал мәліметінше, бұл бағдарламаға 1,35 триллион иен бөлінген. Субсидия Жапонияда болған туристердің шығынының жартысына дейін жабады. Оларға жергілікті дүкендер мен мейрамханада қолдануға арналған ваучер беріледі. Ал Жапонияға сапар шығыны өтелмейді. 

Бұл бағдарлама шілденің аяғынан бастап жүзеге асады. Субсидияны алу үшін бірден қонақ үй жалдап не жапондық туристік агенттіктерге жүгінуі керек.   

Тегтер: Жапония