28.05.2020, 14:20

«Ол қамауға алынған жоқ»: Түркістан облысында әкім пара алғаны үшін айыпталып отыр (ВИДЕО)

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған Түркістан облысында әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының әкімі жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Ол қамауға алынған жоқ. Себебі сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.