$ 498.34  519.72  4.85

Әскерге шақырылғандар коронавирусқа тест тапсырады

Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар.
фото: youtube.com
фото: youtube.com

Әскерге шақырылғандар 14 күнге карантинге алынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Олар алгоритмге сай жұмыс істейді. Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылғандар 14 күн карантинге алынып, коронавирусқа тест тапсырады. Төтенше жағдай аяқталуына байланысты, мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарды запасқа шығару жұмысы басталып кетті.

"Биылғы мерзімді әскери қызметке шақырудың негізгі мақсаты – Қарулы күштер әскери бөлімдерінің қатарына коронавирус инфекциясы бар азаматтарды жібермеу. Себебі, ондай жағдай болса, әскери бөлімдердің жауынгерлік жағдайына тікелей қауіп төнеді", - деді Өсербаев онлайн брифингте.  

Айтуынша, қала әкімінің шешімімен медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігер қосылды. Барлық әскерге шақыру пунктіне медициналық бекет қойылды. Ол жерде әрбір азаматтың дене қызуы өлшеніп, әрі қарай онымен инфекционист сөйлеседі. Егер адамның бойында ауру белгілері байқалмаса, ол әскери комиссиядан өткізуге жіберіледі.

"Әскерге шақырылғандар әскери бөлімге келгеннен кейін 14 күнге карантинге алынады. Сол жерде олар коронавирусқа ПТР тест тапсырады. Он күн бойы олар әскери дайындықтан өтіп, жауынгерлік өмірге бейімделеді", - деп түсіндірді ол.  

Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді.  Әскерге шақыру пунктерінде күніне екі рет дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары