Жаңалықтар 29.05.2020 сағат 11:20

Бұрын сотталған әйелдің балаларына мереке қарсаңында сыйлықтар берілді

Жыл сайын Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің жеке құрамы қоғамдық қорлармен бірлесіп есепте тұрған адамдардың балаларына әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Бұрын сотталған әйелдің балаларына мереке қарсаңында сыйлықтар берілді
Фото: Polisia.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жыл сайын Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің жеке құрамы қоғамдық қорлармен бірлесіп есепте тұрған адамдардың балаларына әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Карантиндік шараларды жалғастыру жағдайында қазіргі уақытта мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу мүмкін емес болғандықтан Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жазғы демалыстың басталуымен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен есепте тұрған бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан жалғыз өзі үш кішкентай баланы тәрбиелеп отырған әйелді құттықтауды ұйғарды. Сотталған А. пробация қызметінің есебінде үшінші жыл қатарынан тұр. Қазіргі уақытта ол қарт анасымен және үш баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады, отбасын асырау үшін кешке дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 1 маусымда жоғарыда аталған есептегі адамның сот тағайындаған мерзімі аяқталуда, бұл да осы әйелдің өміріндегі аса маңызды оқиға болып табылады. Осы өмірлік қиындықтарда жалғыз басты ананы қолдау үшін пробация қызметінің жеке құрамы балаларға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ойыншықтар мен футбол формасын сыйлады.

"Маған және менің отбасыма көрсеткен көңілдері үшін және балаларыма сыйлаған сыйлықтары үшін пробация қызметінің ұжымына өте ризамын. Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты өсіп, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға еске салу сынды мереке деп атап өткім келеді", – деп осы іс-шара соңында сотталған А. пробация қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар