Нұр-Сұлтан мен тағы алты өңірінде - Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарында және БҚО-да ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
31 мамырда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр және 40 градус ыстық болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.
31 мамырда Батыс Қазақстан облысында түнде күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр. Оралда 31 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.
31 мамырда күндіз Ақмола облысында және Нұр-Сұлтанда жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз.
31 мамырдан 2 маусымға дейін Қостанай облысында 35-38 градусқа дейін ыстық болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.
31 мамырда Қызылорда облысында қатты ыстық болады - ауа 41 градусқа дейін қызады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 95-100 пайыз.
31 мамырда Қарағанды облысында қатты ыстық болады - сынап бағанасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.