$ 443.85  474.3  4.8

Мұхтар Мағауиннің алғысөзімен ашаршылық туралы естеліктер жинағы шықты (ФОТО)

Кітапты жазушының ұлы, журналист Едіге Мағауин құрастырып, баспаға әзірлеген.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Журналист Қуанышбек Қари facebook парақшасында белгілі жазушы, ғалым Мұхтар Мағауиннің алғысөзімен ашаршылық туралы жаңа кітаптың шыққанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазына» баспасынан жарық көрген туынды «Сары кітап» деп аталады. Оған 1931-1932 жылдардағы ашаршылық туралы ел аузынан жазылған естеліктер енген.

Кітапты жазушының ұлы, журналист Едіге Мағауин құрастырып, баспаға әзірлеген. Ал Қуанышбек Қаридың жазбасына пікір қалдырған әріптесіміз Қорғанбек Аманжол: «Жақсы екен! «Сары кітап» айдарын Мұхаң өзі ұсынып, «Жұлдызда» мен бірер жыл жүргізіп едім», - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары