Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақты Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы", - деді Тоқаев Twitter парақшасында.