Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова кәсіркерлер үшін Грантқа өз бизнес-жобасын ұсынатындар 556,6 мың теңгеден алатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Sn.kz.
Қалалық басқару құрылымдары карантин шараларды аяқталғаннан кейін жұмыссыз қалған адамдарды қолдаудың бірқатар шараларын әзірлеп отыр. Мәселен, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырудан бөлек, «Еңбек» бағдарламасы аясында түрлі кәсіби курстарға жіберуден басқа, сондай-ақ, бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған адамдарға ақысыз және қайтарымсыз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар берілмек.
«Өткен жылы мұндай гранттарды бізде 2867 адам алды, - дейді Диляра Иманқұлова. – Биылғы жылы 1705 адамға 200 АЕК көлемінде қаражат бөлінді (555,6 мың теңге 1 АЕК есебінен – 2778 теңге). Соның ішінде 706 алматылықтарға гранттар осы айда беріледі».
Спикердің айтуынша, «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады. Бірақ, бұл тізімге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендер ғана енгізіледі. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған тұлғалар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелері қатыса алады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі. Аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелерінің, еңбекке жарамды мүгедектер мен жастардың мемлекеттік гранттарды алуға басымдық беріледі.
«Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін біздің бағдарламаға қатысушылар 8 мың АЕК көлемінде шағын несие ала алады, – деп атап өтті спикер. – Бұл 21 млн. теңгеден астам қаражат деген сөз. Биыл осындай 140 жобаға қаражат бөлінді. Алғашқы үміткерлер бүгінге дейін 14 шағын несиені алып үлгерді». Ал осы орайда дәл осы күні Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Алматыда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн-брифинг өтті.
«Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет қаулысымен «Жұмыспен қамту жол картасы» қабылданғаны белгілі. Бүгінде Алматы қаласында Жұмыспен қамту жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда конкурстың процедуралар жүріп жатыр. Оның ішінде келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша, яғни, әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту; тұрғын-үй коммуналдық- шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту; инженерлік көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ, елді мекендерді абаттандыру сияқты жобаларға жолданатын болады» - деді Алматы қаласы әл-ауқат Басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.
Спикердің айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастар үшін басымдықты Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50%-ы болатын 26 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы 2045 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады.
Спикер сондай-ақ, өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты (http://cz-almaty.kz/) жұмыс істейтінін, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар екенін, тіпті, өтініш беруге арналған сілтеме де көрсетілгенін айтып өтті.
Жол картасы аясында жұмысқа орналасуды жәрдемдесу үшін 6 408 адамнан түйіндеме қабылданды, оның ішінде 708 адам - құрылыс алаңдарында жұмыс істеуге өтініш берген.
Барлығы 12 жоба тіркелді, 468 жұмыс орны ашылды, тіркелген жұмыссыздардың ішінде 38 адам жұмысқа орналастырылды.