$ 498.34  519.72  4.85

Алматы Мақтааралға гуманитарлық көмек жіберді

Алматы қаласының әкімі, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен гуманитарлық көмек жинақталды.

Алматы қаласы Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға 70 тонна гуманитарлық көмек жіберді, – деп хабарлайды Sn.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар қолданылуда.

Соңғы күндері Мақтаарал және Жетісай аудандарының елді-мекендері апат салдарынан нағыз соғыс майданына айналды.

Алматы қаласының әкімі, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен гуманитарлық көмек жинақталды.

Елбасымыздың бастамасымен басталған «BizBirgemiz» акциясы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен партияның Алматы қалалық филиалы тарапынан Түркістан облысында зардап шеккен азаматтарға 70 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде киім-кешек, төсек орындар, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік, гигиеналық құралдар, ұн және т.б. заттар жіберілді.

Сонымен қатар Jas Otan еріктілері эвакуациялау пункттері мен азық-түлік, киім-кешек, төсек орындары, гигиеналық құралдарын тарату жұмыстарына қатысады.

Аз уақыттың ішінде көптеген алматылықтар, соның ішінде Nur Otan партиясының мүшелері және бей-жай қарамайтын тұрғындар шақыруға үн қатты.

Қайырымдық қызмет ашықтық, айқындық пен есеп беруді талап етеді. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып көмек көрсеткен азаматтар мен мекемелердің тізімі дайындалды. Атап айтсақ «Жаңа Алатау» қоры, «Metall Prom», «Казлегпром-Алматы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Эйр Астана» Акционерлік қоғамы, кәсіпкерлер, партия мүшесі Мұхтар Зулеев, қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов және тағы басқалар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары