22.05.2020, 17:10

«Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» атты бейнедәріс өтті

Онлайн форматта өткен шараның мақсаты - жастардың арасында парасаттылық және адалдық идеологиясын насихаттау, яғни жас ұрпақты әділ әрі парасатты болуға ынталандыру, білім алудың маңыздылығын түсіндіру, адамгершілік қасиеттеріміз бен рухани құндылықтарымыздың жоғарғы орында тұруы.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында 18 мамыр күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті колледжінің ұжымы және студенттерінің қатысуымен онлайн бейнедәріс өтті, – деп хабарлайды Skifnews.kz.

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті бір іс-шара ретінде «Адалдық сағаты» республикалық акциясын ұйымдастырған болатын. 

Онлайн форматта өткен шараның мақсаты - жастардың арасында парасаттылық және адалдық идеологиясын насихаттау, яғни жас ұрпақты әділ әрі парасатты болуға ынталандыру, білім алудың маңыздылығын түсіндіру, адамгершілік қасиеттеріміз бен рухани құндылықтарымыздың жоғарғы орында тұруы. Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. 

Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өткен болатын. Сондықтан онлайн дәріс барысында осы мәселе кеңінен қаралып, студенттеріміздің жеке дара тұлға болып қалыптасуында адалдықты, парасаттылықты, адамгершілік қасиеттерді алға тарта отырып тәрбие және білім беру керектігі айтылды және Ұлы ақын Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланды. 

Іс-шара барысында оқытушылар және студенттер ойға түйгендерін және түсінгендерін айтып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.