$ 444.32  473.33  4.76

ҚазҰПУ-да онлайн-кездесу өтті

Кездесуде ақынға студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің О.Досбосынов атындағы Жас ақындар орталығы еліміздің өнер саласындағы танымал адамдарымен ZOOM қосымшасы арқылы белгілі ақын, ғалым, аудармашы Абай Қалшабекпен онлайн-кездесу кездесті, – деп хабарлайды Sn.kz.

Кездесу барысында ол өзінің шығармашылығы туралы, Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсынов мұрасының рөлі туралы кеңінен тоқталды және басқа да көрнекті мәдениет қайраткерлерінің әсері туралы егжей-тегжейлі баяндап, жоспарларымен бөлісті.

Қонақ әлем әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғалардың бірі Толстойдың жұмысына жан-жақты талдау жасады, ол: «Толстой өте қатал және сыншыл жазушы. Шын мәнінде, шынайы сынға бағынуға қабілетті адам ғана шындықтың дәмін тата алады. Осы орайда Абайдың «Қолымды мезгілінен кеш сермедім», «Жүрегіме қарасам, инедейін таза емес» дегендейін өзі туралы өткір сындары еске түседі. Өзін қатты сынап, қателігін бүкпесіз мойындай білген өр тұлғалы Бауыржан Момышұлы да бұл тұрғыда өзін-өзі аямағандардың бірі» - деді Абай Қалшабек.

Сонымен қатар, қазақтың батыр-майдангер, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелмеген жақтары талқыланды. Кездесуде ақынға студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Осылайша, бұл әдебиетті сүйетін студенттер үшін рухани азық болатын тағылымы мол қызықты адаммен тамаша кездесу болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары