Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығы мен «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған «Ұлы ғұлама мұралары» атты онлайн дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Sn.kz.
Дөңгелек үстелде алғашқы болып сөз алған академик Ханкелді Махмұтұлы әл-Фараби бабамыздың еңбектері жөнінде ой толғай отырып, Фарабитану саласында біз күні бүгінге дейін қолға алмай келе жатқан елеулі мәселелерге тоқталды. Дөңгелек үстелде арнайы баяндама жасаған қауымдастырылған профессор Лазира Расылханқызы әл-Фараби бабамыздың асыл мұраларының құндылығына және ол мұралардың бүгінгі күнге дейінгі маңыздылығына тоқталып, әл-Фараби мұраларын әлі де жан-жақты зерттеу қажеттігіне баса мән беріп қарастырса, одан кейін сөз алған аға оқытушы Ербол Өмірзақұлы ғұлама ғалымның еңбектерінің студенттерге берер тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.
Дөңгелек үстелге қатысқан «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі Алтынарай Темірхановна және кафедра меңгерушісінің орынбасары Қаракөз Әбеновна сондай-ақ «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының оқытушылары: З.Актамбердиева, Ш.Ибрашева, Ә.Ахантаева, Б.Куппаева, Ш.Абуханов, Г.Баймұратова, С.Жұман, З.Тастанова, А.Шардарбеков, С.Күлмесхановалар ғұлама ғалымның еңбектері жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелде агробиология факультетінің 2 курс студенті Алимбетова Шеризат, бизнес және құқық факультетінің 2 курс студенті Қазихан Көркемай тартымды баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстел соңында модератор Досалы Исаханұлы қортынды жасап, дөңелек үстелге қатысқан барлық профессор-оқытушыларға және студенттерге алғыс айтып, ғұлама ғалым әл-Фараби бабамыздың ұстаздарға қарата айтқан:
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадына жақсы сақтайтын, ұмытпайтын алғырда аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысты ардақтайтын әділ жан» деген сөзімен аяқтады.