Тойдан қағылған тойханалар Шымкент әкімдігінің алында жиналып шу шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Рестораторлар мен аспаздар, асабалар мен музыканттар Тойхана ашылсын! деп талап қойды. "Карантин тым созылып кетті", деп әкімдік алдына жиналғандардың ұраны бір. Талабын айта келгендер арасында кәсіпкерлер ғана емес. Асаба мен аспаздар және әншілер мен бишілер бар. "Екі жарым айға созылған қамау табысымыздан айырды", дейді жиналған жұрт.
"Бәрі тойханамен байланысты ғой... Тамадаң да, әншің де, видео камералар да..қанша жұмыстағы қыздарымыз жылайды, кредиттері бар бәрінің. Бізге хотя бы 100-150 адамға дейін тойхананы ашып берсе, кішкене жұмыс жүрсе қарапайым халық жұмысын жасап, бала-шағасын бақса дейміз", - деді тойхана әкімшісі Шәрипа Нұрбекова.
"Біздің тойханада үш жүздей адам істейді официанттарымен қосқанда. Небір студенттеріміз жүр, квартирада тұрады. Мен повор боп жұмыс істеймін. Енді ашылсын деймін. Күнімізді көруіміз керек шығар, біз де бірдеңе ішіп-жеуіміз керек шығар. Жоқ біз саусағымызды сорып өмір сүрмейтін шығармыз" - деді аспазшы Сандуғаш Темірбаева.
Шымкентте бүгіннен бастап кейбір мейрамханалар мен дәмханалар жұмысын бастады. Алайда, 50 адамға дейін деген шектеу бар. Рұқсат етілген мекемелер тізіміне тойханалар кірмей қалыпты. Жергілікті рестораторлар осыған наразы. "Тым құрғанда жүз адамдық тойға рұқсат берілсін", дейді тойхана иелері.
Күнделікті жұқтыруы 7 пайыздан аспайтын жағдай боп тұрақтанса кішкене жағдай ондай тойханаларға да болашақта рұқсат беріледі. Бірақ әлі жағдай тұрақтанбай жатыр. Тойханаладың иелері әзірше тоймен емес, кафе-ресторан ретінде жұмыс істеуге құқығы бар толық.
"Реализацияға 3 млн-ға товар алғам. Ол кредит емес. Ол күтпейді сіздер сияқты рассрочка. Бұл кісілерге жеңілдік бердіңіздер, бізге ше?.. біз не істейміз?..Біздің арендамыз бар, осы айдың 15-не төлеңдер деп тұр. Басымызда 200 мың арендамыз бар. Оны қалай төлейміз?", - дейді жеке кәсіпкер Марал Жұмагелді.