Жаңалықтар 03.06.2020 сағат 15:40

Қажылыққа велосипедпен барған қазақ Мединадағы қазіргі ахуал жайлы баяндады

Бұл жақта студенттерге барлық жағдай жасалған. Жатақханада тегін тұрады.
Қажылыққа велосипедпен барған қазақ Мединадағы қазіргі ахуал жайлы баяндады
фото: Дәулет Тәжікеновтың жеке мұрағатынан деп, жазады Time.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қажылық парызын ерекше жолмен өтеген ақтөбелік Дәулет Тәжікенов әлі де Біріккен Араб Әмірлігінде жүр. Ол Мекке қаласына жету үшін велосипедпен үш айға жуық жол жүрді. Қазір карантин уақытына тап болып, кері қарай шыға алмай қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 Қасиетті қалада үш ай карантинде жатқан қазақ жігіті еш өкінбейді. Ол әлеуметтік желіде Медина (Медине) қаласындағы мешіттердің ашылғанын хабарлап, қуанышында шек жоқ екенін жеткізген. 

"Үш ай студенттерге арналған жатақханада тұрдым. 17 мыңнан аса студенті бар жатақхана аумағындағы қақпа үш ай жабық болды. Дүкеннен басқа еш жерге шыққан жоқпыз. Қазір Мәдина қаласындағы мешіттер ашылды. Қашықтықты сақтап, маскамен жүру керек, тәртіп қатаң. Маскасыз жүрген адамға 1000 риал айыппұл салу заңы шықты. Ол біздің ақшамен шамамен 115-120 мың теңге. Мешітте де қашықтықты сақтап отырасың. Карантиннен кейін қаланы аралауға шыққанда жанар-жағармай бағасының түсіп кеткенін көрдік", - дейді 

Оның айтуынша, алты күндік Шәууәл оразасынан кейін қала ішіндегі жабылған қақпалар ашылып, мешіттер жұмысын бастаған.

"Карантин кезінде жатақхана шатырында спортпен айналыстым. Күн қатты ыстық. Күнделікті 40 градустан асып тұрады. Бұл жақта студенттерге барлық жағдай жасалған. Жатақханада тегін тұрады. Ақшаны тек тамаққа шығарады. Оқу орны тарапынан әр студентке 100 мың теңге стипендия төлейді", - дейді ол.

Ол қажылық амалдарын орындап үлгерген. Мініп барған темір тұлпарын сол жақта сатып, шекаралар ашылған уақытта елге ұшақпен қайтуды жоспарлап қойған. Қасиетті жерге жол ауыртпалығын сезініп баруды жоспарлаған ол осыған дейінгі сұқбатында жолға ұзақ дайындалғанын айтқан еді. Барша қазақстандықтарды таң қалдырған қазақ жігіті қаладағы фитнес орталықтарының бірінде жаттықтырушы болып жұмыс жасады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар