TelecomDaily ақпараттық-талдау агенттігінің басшысы Денис Кусков "Прайм" агенттігіне телефонның тыңдалғанын қалай анықтау керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. телефон
Сарапшының айтуынша, тыңдау жүйесін анықтау әрдайым мүмкін бола бермейді, өйткені ол үшін қажетті аппараттың сигналын ауыстыратын жалған базалық станцияларға дейін қымбат тұратын жабдықтар қолданылады.
Дегенмен, телефонмен сөйлескенді бақылайтын жүйені танудың бірнеше белгілері бар.
Біріншісі - сіз орнатпаған, бірақ смартфонға орнатылған қосымша бағдарламалық жасақтаманың, қосымшалардың болуы. Сондықтан, телефонда орнатылған қосымшаларды үнемі тексеріп отыруыңыз керек, дейді сарапшы.
"Сонымен қатар, егер сіз телефонның өзіндік әрекеттерін көрсеңіз: егер сіз оны ұстамаған кезде, іске қосылады–өшіріледі немесе қызып кетеді, онда бұл телефонда тыңдау бағдарламасының жұмыс істеп тұрғанының белгісі болуы мүмкін", - деді Денис Кусков.
Егер смартфоныңыздың қуаты өте жылдам таусылса, онда фондық режимде қандай да бір бағдарлама жұмыс істейді және оны да тексеру керек. Ол үшін смартфонда орнатылған бағдарламалардың аудитін жүргізу қажет.
"Сондай-ақ, осындай қосымшалардың жұмысын тоқтататын арнайы бағдарламалар орнату қажет. Егер сіз мұны түсінбесеңіз, қызмет көрсету орталығына барыңыз, онда олар сізге қажет нәрсені жасауға көмектеседі", - деп түйіндеді сарапшы.