Жаңалықтар 04.06.2020 сағат 14:20

Бұдан былай мектеп директорлары да аттестациялаудан өтеді

Біздегі  мектеп басшыларының жалақы мәселесі әлі де шешілмей келеді. Мұны жоққа шығаратындар да бар. Бірақ, менеджмент мәселесіне қойылар сұрақ көп.
Бұдан былай мектеп директорлары да аттестациялаудан өтеді
фото: 24.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Енді мектеп директорлары да аттестациялаудан өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
 
Министр тікелей эфир кезінде педагогтардың құрамын арттыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, 150 мыңнан астам педагог кәсіби біліктілік категориясынан өткен.

"Қазіргі таңда олар еңбекақыларынан бөлек, 30%-дан 50%-ға дейін үстемеақы алып отыр. Педагогтарды аттестациялау жүйесін жетілдіріп жатырмыз. Биыл алғаш рет білім беру ұйымдары басшыларын аттестациялаудан өткізуді қолға алдық. Бұл белгілі проблемалардың бірі. Біздегі  мектеп басшыларының жалақы мәселесі әлі де шешілмей келеді. Мұны жоққа шығаратындар да бар. Бірақ, менеджмент мәселесіне қойылар сұрақ көп. Сондықтан, осы мектеп басшылығының біліктілігі, білімділігі және олардың тисті жалақы алу мәселесі, жұмысқа алу механизмі өзгеруі тиіс. Білім беру ошақтары директорларының жалақылары жеткіліксіз, сол себепті, ең алдымен, жалақыны көтеру мәселесі биыл және кейінгі төрт жылда жалақының екі есеге өсуі тікелей директорлардың өздеріне де қатысты болады", - деді министр. 

Асхат Аймағамбетов директорларды және олардың орынбасарларын аттестациялаудан өткізу институттары енгізіліп жатқанын айтты.

"Енді директорлар мен олардың орынбасарлары жұмыстарының тиімділігін көрсеткен жағдайда ай сайын жалақыларына қосымша 30%-дан 100%-ға дейін үстемеақы алатын болады. Бұл жүйе дайын. Тиісті нормативті-құқықтық актілер дайындалды. Осы айдан бастап директорлар мен олардың орынбасарлары тиісті тест тапсырып, нәтижесінде кейбір директорлар орнын босатса, енді бірі басқа мектепке тағайындалуы мүмкін. Ал, жақсы нәтиже көрсеткен басшылар үстемеақы алып, жұмыстарын жалғастыра береді", - деді ол. 

Министр білім берудің барлық деңгейлерінде құндылықтарға негізделген «Білім және тәрбие» парадигмасын енгізуді басталғанын жеткізді. 

"Білім саласында тәрбие мәселелеріне үлкен мән беріп отырмыз. Бұл жұмыс кешенді түрде басталып кетті. Ол елін сүйер қазақстандықтарды тәрбиелеп, ел экономикасына қызмет ететін отбасылық құныдылықтарды бойына сіңірген азаматтар қалыптастыруға бағытталған", - деді ол. 

Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында инклюзивті білім беру мәселесіне де тоқталды. 

"Бұл мәселеге материалдық жағынан ғана қарамауымыз керек. Себебі, мұнда ең маңыздысы – пандус орналастыру емес, бастысы – бағдарлама, қоғамның дайындығы, педагогтардың сол балалармен жұмыс істеуге келетін құзыреттілігін дамыту мәселесі. Бұған қатысты тиісті шаралар қолға алынды. Мысалы, арнайы қаулы қабылданды, сол қаулы шеңберінде биыл қыркүйек айынан бастап балалар үшін тьюторлар штатын ашуға мүмкіндік пайда болды. Біздің министрлік бұл бағыттағы жұмыстарды түрлі қоғамдық үұйымдармен әрі қарай да жалғастыратын болады", - деді ол.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар