05.06.2020, 09:20

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 245 науқас тіркелді

Фото: ашық дерек көзі
Еліміз бойынша індет жұқтыру қарқыны 2%-ды құрады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған, ауру белгілері бар 245 адам тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.

Еліміз бойынша індет жұқтыру қарқыны 2%-ды құрады.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласы - 49 (1,8%) Қарағанды облысы - 48 (4,7%) Нұр-Сұлтан қаласы - 35 (1,5%) Батыс Қазақстан облысы - 22 (2,9%) Шымкент қаласы - 15 (1,7%) Алматы облысы - 11 (2,7%) Маңғыстау облысы - 11 (3,6%) Атырау облысы - 10 (0,9%) Шығыс Қазақстан облысы - 9 (5,7%) Жамбыл облысы - 7 (1,7%) Ақтөбе облысы - 6 (1,6%) Ақмола облысы - 5 (3,0%) Павлодар облысы - 5 (2,2%) Түркістан облысы - 5 (1,3%) Қостанай облысы - 4 (2,1%) Қызылорда облысы - 3 (0,7%)

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 12 312 адам анықталды. Олардың ішінде:

Алматы қаласы – 2790, Нұр-Сұлтан қаласы – 2379, Атырау облысы – 1185, Қарағанды облысы – 1072, Шымкент қаласы – 924, БҚО – 776, Қызылорда облысы – 452, Алматы облысы – 413, Жамбыл облысы – 412, Түркістан облысы – 389, Ақтөбе облысы – 373, Маңғыстау облысы – 319, Павлодар облысы – 229, Қостанай облысы – 195, Ақмола облысы – 172, ШҚО – 168, СҚО – 64 адам.

Айта кетсек, COVID-19 вирусын жұқтырған 6 606 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 52 адам қайтыс болды.

Тегтер: коронавирус