Ақтау тұрғыны бейсенбі күні Ақтөбе – Ақтау пойызында босанды, деп хабарлайды "Ақтау-Лада".
Пойызда акушер болған. Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова да көмекке келген.
Жолаушы Ақтөбеге анасына қонаққа барған. Ақтауға бара жатқан кезде таңғы сағат алтыда толғағы келген.
Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова мен жолсеріктер акушер жолаушы тапты.
Әйел сағат 11.10-да босанды. Әр станцияда жас ананы жедел жәрдем дәрігерлері тексерді. Өйткені ол станциялардың бірінде қалғысы келмеген.
Балаға Дінмұхамед деген есім берілді. Анасының да, сәбидің де денсаулығы жақсы.
Ботагөз Қиданованың айтуынша, бұған дейін оның тәжірибесінде мұндай үш жағдай болған.