Жаңалықтар 05.06.2020 сағат 13:00

Илья Ильин тағы жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұл ұсынысты қабыл алды.
Илья Ильин тағы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ашық дерек көзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық танымал спортшы, ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке орналасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Спортшының өзі осы жоғары оқу орнында оқыған. Илья Ильин университет басшыларымен кездескен кезде оған жастарға дәріс оқуға ұсыныс түсті. Ол бұл ұсынысты қабыл алды.

Бұған дейін Илья Ильин Қызылордадағы "Мұз айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалған еді

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлем чемпионы болды. Екі Жазғы Олипиадаға қатысты. Алайда, 2016 жылы спортшы 2008 және 2012 жылы ұтқан алтын медальдарынан айырылды. Бұған себеп - сарапшылардың оның қанында тыйым салынған дәрілік заттарды анықтауы. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар