$ 444.22  476.38  4.82

Алматының зәулім мешіті салынып жатыр

Діни ғимарат жеке инвесторлардың қаражатына салынады.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Алматының Алатау ауданында 7 мың адамға арналған мешіт салынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Сағынтаевтың айтуынша, діни ғимарат жеке инвесторлардың қаражатына салынады.

"Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Мешіт бір мезгілде жеті мың мұсылманды қабылдай алады. Қаладағы ең үлкен діни ғимарат ағарту һәм рухани жер ғана емес, мегаполистің архитектуралық маржандары арасында да лайықты орынға ие болады",- деп жазды қала әкімі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары