Microsoft компаниясы Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілінің де қосылғанын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ult.kz-ке сілтеме жасап.
«Тілге қатысты кедергіні жою жөніндегі миссиямызды жалғастыру барысында Microsoft Translator тілдер тобына қазақ тілін қосқанымызды қуана хабарлаймыз. Белгілі Qazaqsha не Qazaq Tili Қазақстанда, Қытайдың батысында, Моңғолияның батысында, Ресейдің оңтүстігінде және әлемнің басқа елдерінде қолданылады. Қазақша сөйлейтін 22 миллионға жуық адам бар», делінген әлемдік компанияның блогындағы жазбада.
Таяу арада қазақ тілі Microsoft-тың аударма жасайтын қолданбалары, баптаулары, Office бағдарламасы, Bing-ке арналған аудармашыда және кәсіпкерлер мен мен бағдарлама жасаушыларға арналған Azure Cognitive Services аударма қызметі секілді жобаларында қолжетімді болмақ.
Енді интернет пайдаланушысы кирилица әліпбиімен терілген мәтінді Microsoft Translator-де қазақша немесе басқа 60 шақты тілге аударуға мүмкіндігі бар.