2020 жылғы 3-5 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған 687 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушысы тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы жедел штабқа сілтеме жасап.
Ақмола облысы - 8 Ақтөбе облысы - 11 Алматы облысы - 60 Атырау облысы - 42 Шығыс Қазақстан облысы - 31 Жамбыл облысы - 12 Батыс Қазақстан облысы - 79 Қарағанды облысы - 77 Қостанай облысы - 3 Қызылорда облысы - 32 Маңғыстау облысы - 57 Павлодар облысы - 6 Түркістан облысы - 21 Солтүстік Қазақстан облысы - 24 Алматы қаласы - 70 Нұр Сұлтан қаласы - 98 Шымкент қаласы - 56.
Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда - 687.
Жедел штаб мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60 пайызға жуығы - инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екенін атап өткен жөн.
Елімізде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушыларды бақылау жалғаса бермек.