06.06.2020, 17:00

Оралда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды ұрып-соққан

Ата-аналар тарапынан шағым болмағандықтан, қылмыстық іс тоқтатылған.

Оралда есту және сөйлеу қабілеті дамымаған балаларға арналған мектеп-интернаттың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды бірнеше рет ұрып-соққан. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Ата-аналар тарапынан шағым болмағандықтан, қылмыстық іс тоқтатылған. Дегенмен, прокуратура бұл шешіммен келіспей, істі сотқа жіберді. 

«Ол сабақ өткізу барысында балаларды доппен ұрған. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Орал қалалық сотының шешімімен мұғалім ҚР Қылмыстық кодекстің 2-бөлімі 140-бабы бойынша айыпты деп танылып, 80 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – деп жазылған хабарламада.

Тегтер: мұғалім