07.06.2020, 09:33

Алматы облысының әкімдігі карантин режимін күшейту туралы мәлімдемесін түсіндірді

Карантин ережесі жеңілдетілген соң, тұрғындар бір-бірімен көп араласып кетті.

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың карантин режимін күшейту туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Эпидемия басталысымен Алматы облысында 422 адамнан коронавирус анықталды, бір аптада науқастардың өсімі 4,5 пайыз болды. Карантин күшейтілгенге дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған. Оған себеп - облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, адам көп баратын жерлерде жиналып, қашық сақтамай, маска тақпайды. Облыс бойынша карантин ережесін бұзған 3690 нысан тексеріліп, 720 заңбұзушылық анықталды.

Карантин ережесі жеңілдетілген соң, тұрғындар бір-бірімен көп араласып кетті. Осыған байланысты Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы қажет шараларды қарастырып жатыр. Бұл көрсеткіш әрі қарай да өсе берсе, одан да қатаң шараларды қабылдаймыз. Мысалы, бүгін фонтандар жұмыс істеген жоқ, автобус маршруты да қысқартылды", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.