Крематорий Алматының Алатау ауданында салынады деп жоспарлануда, деп хабарлайды zakon.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжатын даярлауға тендер жариялады.
Техникалық сипаттамасына сай, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жобаның құжатын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген.
Крематорий Алатау ауданындағы мәйітхананың жаңа ғимаратына жақын жерден салынады, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Қазақстандағы крематорий құрылысы туралы мәселе 1987 жылдан бері көтеріліп келеді.
Бұған дейін кремация қызметіне жүгіну үшін қазақстандықтар Мәскеу, Челябинск, Барнаул және Новосібірге хабарласатын. Мұндай қызметтің құны көлік түріне қарай 30 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін жетеді.