Жаңа Зеландияның ауруханаларында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қазір елде COVID-19 жұқтырған тұрғын жоқ, деп хабарлайды Xinhua.
Елде коронавирус жұқтырудың соңғы дерегі тіркелгеннен бері 17 күн өткен.
"28 ақпаннан бастап вирус жұқтырғандардың болмауы - коронавируспен күрестегі маңызды оқиға. Алайда жеңіске қарамастан, біз сергек болуды жалғастырамыз", - деді денсаулық сақтау мәселелері бойынша директор Эшли Блумфилд.