Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты қай жерлерде митинг өткізуге болатынын шешті. Бұл туралы Skifnews.kz, Ашық нормативтік-құқықтық актілер ресми порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізуге белгіленген орындар:
- А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябақ;
- "Столичный" циркі жанындағы алаң;
- Жеңіс, Абай даңғылы, Т, Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төрбұрышындағы алаң;
- Шеру өткізу үшін бағдар ретінде Абай көшесі бойындағы Жазушылар аллеясынан А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябаққа дейінгі аралық бекітілсін", - делінген ресми хабарламада.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының «Астана қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 175/23-V шешімінің күші жойылды деп танылсын. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді, деп жазылған портал мәлімдемесінде.
Тағы оқи отырыңыз: «Митинг» туралы заңның қазақ тіліндегі нұсқасынан 422 қате анықталған
Мәжіліс «Бейбіт жиын өткізу туралы» заң жобасын мақұлдады
«Әкімдіктер ештеңе істей алмайды»: елордалық көпбалалы аналар «ерекше» митингке шықты
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.