Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 60-тан асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Коронавирус індетінен 3 науқас көз жұмды. Павлодар облысында - 1962 жылы туған ер адам,
Түркістан облысында - 1962 және 1948 жылы туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстан бойынша барлығы 61 адам қайтыс болды.