Нұр-Сұлтаннан 20 минуттық жерде орналасқан Жібек Жолы елді мекеніндегі демалыс орталығынан өрт шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгер.
"10 маусымда сағат 15.41-де Жібек Жолы елді мекеніндегі Аstana Resort демалыс аймағында асханадан өрт шықты. Өрт әлі сөндірілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Қазіргі таңда өрттің аумағы мен себебі анықталып жатыр.
Демалыс орталығы Қарағанды тас жолының бойында, Ақмола облысының Жібек Жолы елді мекенінде орналасқан. Желідегі фотосуреттерге қарағанда, қонақ үйлердің көбісі ағаштан жасалған.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің төрт қызметкері мен бір техникасы оқиға орнына аттанды.
Сондай-ақ өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаментінің тоғыз қызметкері мен екі көлігі жіберілді.