$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның артынан Беларусь елі де зейнет жасын ұлғайтты

Беларусь елінде зейнет жасы 3 жылға ұлғаятын болды. Бұдан былай әйелдер 58 жастан бастап, ер азаматтар 63 жастан бастап зейнетке шығады. Бұл жайында премьер-министрдің орынбасары Наталья Кочанова «Беларусь 1» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Зейнет жасын ұлғайтуға негізделген құқықтық актті қабылдауға шешім шықты. Ол бойынша әйелдер — 58 жаста, ерлер — 63 жаста зейнет демалысына шығады», — деді Кочанова. Аталған құжат жақын күндері бекітілмек.

Зейнет жасына жақындаған азаматтарға ауыртпалық түспес үшін 3 жылды кезең-кезеңмен ұлғайтады деп жазады БелТА. 

Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Александр Лукашенко да аталған бастаманы қолдап, мәлімдеме жасаған болатын. «Зейнет жасын үш жылға өсіруді қолдаймын. Бұл мерзімді бірден емес, жарты жыл сайын ұлғайтып отырсақ, 5-6 жылда көздегенімізге жетеміз», — деді ол.

Кочанованың айтуынша, зейнетке шыққан әйелдердің 68 пайызы алғашқы жылдары жұмыс істеуін тоқтатпайды. Ерлерде бұл көрсеткіш сәл төмендеу. Жалпы, елде зейнеткерлердің 25 пайызы әлі күнге дейін түрлі қызметтерді атқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары