11 маусым күні таңғы сағат 6:17 шамасында Қарағанды қаласы Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесі бірнеше жерден пышақталған 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
«Адам өлімі туралы хабарлама түскен сәтте ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция нараядтарымен оқиға болған жерге жақын барлық аудандарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Арнайы іс-шаралар барысында ПБ қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 29 жастағы қала тұрғындарын ізін суытпай ұстады. Күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындады», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.