Жаңалықтар 11.06.2020 сағат 13:00

Абай және табиғат

Елді, ұлтты Абайша сүюді үйрену керек деген ұстанымдағы кітапхана қызметкерлері Абай поэзиясына арналған шараларды бүгінде онлайн режимінде жүргізуді жалғастырып келеді.
Абай және табиғат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлы. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген Ахмет Байтұрсынұлы. Биыл ұлы ақынның туғанына 175 жыл. Жылдар өткен сайын ұлы ақынның мұрасына деген сүйіспеншілік арта түсуде. «Сөзің асыл баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деген Мағжан Жұмабаевтың сөздерінің дәлелі осы болса керек. Бүгінде Абайды баладан бастап қазыналы қарияға дейін оқиды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы» деген болатын. Демек, бүгінгі күні Абай шығармаларын жаппай оқуға көшкен көпшіліктің кемелділікке ұмтылғанын көруге болады.

Осы орайда Қызылордадағы №13 балалар кітапханасында өтіп жатқан шараларды атап кетуге болады. Елді, ұлтты Абайша сүюді үйрену керек деген ұстанымдағы кітапхана қызметкерлері Абай поэзиясына арналған шараларды бүгінде онлайн режимінде жүргізуді жалғастырып келеді. Мәселен, «Абай және табиғат» атты онлайн әдеби оқуының балаларға Абай лирикасын, философиясын тануға үлкен септігін тигізері анық. Өйткені, Абай табиғатты қара өлеңмен шебер суреттеген ақын дейді кітапхана қызметкерлері. Кітапхананың жас оқырмандары фейсбук әлеуметтік желісі арқылы бас ақынның шығармаларын жатқа оқып беріп, Абай мұрасына деген қызығушылықтарының зор екенін көрсетті. Ұлттық құндылықтарды насихаттаған балалар кітапханасының ұжымы әр апта сайын Абай туындыларын балаларға мәнерлеп оқытуды дағдыға айналдырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар